ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУҒА ҚАТЫСТЫ ФИЛЬМДЕР МЕН КІТАПТАР

ЕР КҮНДЕЛІГІ
35

Ер адамның дамуы – тек кәсіби жетістікке жету емес, сонымен қатар рухани, зияткерлік және физикалық тұрғыдан шыңдалу. Өмірдің кез келген саласында табысқа жету үшін өзін-өзі дамытуды әдетке айналдыру керек. Тұрақты білім алу, денсаулыққа күтім жасау, қаржылық сауаттылықты арттыру – нағыз ер азаматтың басты қағидалары. Өзіңді дамытудың жолдарын білу – өз болашағыңды қалыптастырудың алғышарты.  Назарларыңызға жаңа мақсатқа жетуге шабыттандыратын фильмдер, ой өрісіңізді кеңейтетін кітаптар топтамасын ұсынамыз: 

Жеке даму бойынша фильмдер:
1. «Бақыт жолында» (The Pursuit of Happyness, 2006, АҚШ) – Кедейліктен табысқа жеткен Крис Гарднердің шынайы оқиғасы.
2. «1+1» (Intouchables, 2011, Франция) – Бай және сал ауруына шалдыққан адам мен оның қарапайым көмекшісінің достығы.
3. «Өлі ақындар қоғамы» (Dead Poets Society, 1989, АҚШ) – Жасөспірімдерді шабыттандырған ерекше мұғалім туралы.
4. «Ақымақ Уилл Хантинг» (Good Will Hunting, 1997, АҚШ) – Дарынды жас жігіт өз өмірінің маңызын түсінеді.
5. «Құпия» (The Secret, 2006, АҚШ, деректі фильм) – Ойдың күші мен визуализация туралы.
6. «Табандылық күші» (Race, 2016, Канада/Германия/Франция) – Олимпиада чемпионы Джесси Оуэнс туралы.
7. «Бейбіт жауынгер»(Peaceful Warrior, 2006, АҚШ) – Өмірдің мәнін іздеген спортшы туралы.
8. «Джобс» (Jobs, 2013, АҚШ) – Стив Джобстың жетістікке жету жолы.
9. «Ең қатал жыл» (A Most Violent Year, 2014, АҚШ) – Бизнесте адалдықты сақтауға тырысқан кәсіпкер туралы.

Жеке даму бойынша кітаптар тізімі:
1. Төлен Әбдік – «Парасат майданы»
2.Виктор Франкл – «Өмірден мән іздеген жан»
3. Дэйл Карнеги – «Қалай дос табамыз және адамдарға әсер ету»
4. Мэг Джей – «Маңызды жылдар»
5. Джон Кэхо – «Түпсана»
6. Джеймс Клир – «Атомдық әдеттер»
7. Пауло Коэльо – «Алхимик»
8. Уолтер Исааксон – «Стив Джобс»
9. Санжар Керімбай – «Бейсен және болмыс»
10. Қайрат Жолдыбай – «Кемел адам»

 

Редакция
Patriot Portaly