ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ АСҚАҚТАДЫ
ТҰРАН АМАНАТЫ
70

Патриот порталы
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күнінде еліміздің көкпар командасы алғашқы қарсыластары Өзбекстан құрамасымен кездесіп, айқын басымдылықпен жеңіске жетті.
Есеп 16:0.
Ұлттық құрама ата-баба ойынынан алдына жан салмады. Құрманбек Тұрғанбек, Абылайхан Нышанбек, Арман Жамалбек, Ұлан Байтөре, Ернар Жарылқасын, Ернат Мәлімбай, Әділет Мамыттар салымды жігіттер атанды.
Көкпар Қазанат ипподромында өтіп жатыр. Патриот порталы оқиға орнынан хабар таратады. Эксклюзивті хабарларды жіберіп алмаңыз!