Бәйгеде шабатын аттар белгілі болды

Алматыда бәйгеден қала кубогі өтіп, ат жарыс аясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеудің екінші кезеңі болды.
«Осы ат жарыс аясында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы – Кұнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйгеге үздік жылқыларды іріктеп алдық», - деді Республикалық «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.
Құнан байге бойынша І орынды Сұңқар атты тұлпар, шабандозы Абзал Тұрғанбек иеленді. II келген Бақторы, шабандоз - Ділнұр Нұрмұқаш. Сениорита есімді жылқы үшінші келді. Шабандозы – Абзал Тұрмыс.
Топ бәйгеде топ жарған жылқы Зымыран,шабандоз Арнат Мұратхан. II орында Маймақ, шабандоз - Абзал Тұрмыс. Үшінші орын – Ертұран, шабандоз – Исламнұр Еркөс.
Жорға жарыс қорытындысы бойынша I орынды Аквамарин, шабандоз - Евгений Чибисов. II орын - Триумф, шабандоз - Әлия Тоқтасынова. III орын Профессор, шабандоз – Ерұлан Тілеуғалиұлы.
Ал Аламан бәйгені алған Виза есімді жүйрік, шабандоз - Алихан Бақытханұлы. Екінші келген Күрең ат, шабандоз - Арнат Мұратхан. Үшінші орын – Әлқисса атты тұлпар, шабандоз – Мәди Жолшыбек.
Еске сала кетейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.