Олимпиада ашылуы: Елордалықтар назарына

Патриот жаршысы
102

Астана тұрғындары бүгін сағат 21:00-де Орталық саябақтағы «Қазақстан күні» монументі (сағат) жанында Астана әкімдігі мен Jіbek Joly телеарнасының ұйымдастыруымен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде тамашалай алады, – деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұлттық құраманы қолдау іс-шарасында Ұлықпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ақтоты Болшова және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, танымал спортшы Айтым Жақыпов концерт көрермендері арасында ойын-сауық, спорттық батлдар өткізеді.

Жеңімпаздарға Jіbek Joly телеарнасының сыйлықтары табысталады.

Дариға Нысанқұл