Қаныш Сәтбаев пойызы жолға шықты

Патриот жаршысы
135

Фото: ҚТЖ

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арнайы безендірілген пойыз халыққа қызмет етуде.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай арнайы безендірілген жолаушылар пойызын іске қосты. Бұл жобаны алғаш рет Ұлттық тасымалдаушы «Қазақмыс» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда.

«Астана-Жезқазған» бағыты бойынша жүретін № 65/66 пойызы көрнекті қазақ ғалымының бейнесімен арнайы бейнеленген. Аталған жол көлігі тамыз айының соңына дейін күнара қатынайтын болады. Пойыздың сыртында Сәтбаевтың портретімен қатар өмір сүрген жылдары да безендірілген. Бұл ғалымның Жезқазған қаласымен ажырамас байланысын білдіреді.

Жоба Қазақстандағы тұңғыш ұлы қазақ геологы мен академигінің есімін құрметтеуге бағытталған. Жыл басында сенаторлар оның мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуді ұсынды.

Бұған қоса, Ұлттық банк Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған монеталарды айналымға шығарады.

Біржан Қабдрашев
Тілші