Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды

Патриот жаршысы
105

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (WTA 275) Испанияның Таусте қаласында өткен ITF W35 санатындағы турнирдің чемпионы атанды.

Финалдық кездесуде ол әлемдік рейтингте 446-орында тұрған италиялық Дилетта Черубиниді 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен жеңіп шықты.

Бұл жеңіс Зарина үшін ITF турнирлеріндегі 12-ші титул болды. Бұған дейін ол WTA 250 санатындағы жарыста да бір мәрте топ жарған.

Малика Рүстем
тілші