Чемпионға құрмет
Патриот жаршысы
84

Қызылорда облысының әкімдігі
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Nomad Wrestling халықаралық турнирінің екі дүркін чемпионы Азамат Бақытовпен кездесті. Спортшымен болған жылы жүздесу барысында аймақ басшысы оны кезекті жеңісімен құттықтап, ел намысын қорғаудағы еңбегін ерекше атап өтті.
Сыр өңірінде спорт саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соңғы жылдары аймақта оннан аса заманауи спорт кешені бой көтерді.
Нәтижесінде, спортшылар жыл басынан бері:
- Әлем және Азия чемпионаттары мен кубоктарында – 1 алтын, 1 күміс, 3 қола,
- Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарында – 28 алтын, 39 күміс, 56 қола медаль еншіледі.
Бүгінде өңірде 342 223 адам бұқаралық спортпен тұрақты айналысады. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді, демек, спорт Сыр жұртының өмір салтына айналып келеді.