«Қазақстан халқына» қоры

Патриот жаршысы
77

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік саладағы маңызды жобалар жүзеге асырылады. Бұл туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басқармасының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева арасындағы кездесуде айтылды. Басқосуда өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған бірлескен бастамалар талқыланды.

Қор денсаулық сақтау, білім беру, спорт және әлеуметтік қолдау бағытындағы мәселелерге айрықша көңіл бөліп келеді. Солардың қатарында:

  • Онкологиялық орталықта алғаш рет желілік үдеткіштің іске қосылуы,
  • Облыстық балалар ауруханасында оңалту орталығының ашылуы,
  • 13 тірек мектептің заманауи құрал-жабдықтармен қамтылуы бар.

Алдағы уақытта өңірде үш спортзал мен бір балабақша бой көтермек.

Малика Рүстем
тілші