Таэквондодан әлем чемпионы! Жанторе Сағынғали Қазақстанға алтын сыйлады

Патриот жаршысы
5

ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Фуджейра, БАӘ. Таэквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үлкен жетістікке қол жеткізді. Ел қоржынына кезекті алтын медальді 65 келіден жоғары салмақта бақ сынаған жас спортшы Жантөре Сағынғали алып келді. Финалда ол украиналық қарсыласы Максим Шудженконы айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды. 

Жантөре Сағынғали — бүгінгі күннің жарқын жұлдызы. Оның жеңісі — бүкіл Қазақстан үшін қуаныш. Мұндай жеңістер — болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге, ұлт рухын көтеруге, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға себеп.

Жарайсың, Жантөре!

Малика Рүстем
тілші