Отандық спортшылар үлгілі іс жасады

Патриот жаршысы
179

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Олимпиада жүлдегерлерінің киімдерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға чемпион Ольга Рыпакова мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта мұражайда 654 костюм болса, оның 223-і спортшыларға тиесілі. Олардың қатарында Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Александр Винокуров, Денис Тен секілді танымал спортшыларымыздың спорттық киімдері бар. Бүгін шара барысында музей Токио-2020 Олимпиадасында Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары Ольга Рыпакова мен Қамшыбек Құнқабаевтың ерекше киімдерімен толықты.                                              

Дариға Нысанқұл