«Өмір жолымдағы соңғы көш» кітабы Түркия жүлдесін алды

Алтайдан Түркияға қоныс аударған қазақ ақсақалы Әбдірахаман Четиннің «Өмір жолымдағы соңғы көш» кітабы Түркия жазушылар академиясының арнайы жүлдесіне ие болды.
Қандасымыздың бұл туындысы биографиялық роман аталымы бойынша «ЙАЗАК» жазушылар ұйымының байқауында үздік деп танылды. Роман өткен жылы түрік тіліне аударылды. Тарихи туындыда өткен ғасырдың ортасында Қытай коммунистерінің қатігездігіне шыдамай Гималай арқылы Үндістанға, одан әрі қарай Түркияға көшкен қазақ халқының қилы тағдыры туралы баяндалады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін бұл беделді байқауға Түркияның әр түкпірінен ақындар мен жазушылар қатысады.
Кітап авторының айтуынша, бұл кітапқа өткен жылы Кельнге Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы «Достық» орденін жіберген. Бұл жазушының романы үшін алған кезекті екінші сыйлығы екен.