Дубайдағы жеңіс

Патриот жаршысы
43

жеке мұрағаттан

Ержан Максим Дубайда өткен ән байқауында бас жүлде жеңіп алды.

Қазақстанның жас талантты әншісі «Sanremo best song 2025 Dubai» ән байқауына қатысқан. 17 жастағы оралдық өнерпаз өзінің Instagram парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті.

 

«Халықаралық ән байқауында жеңіске жету мен үшін мәртебе болды. Еңбегімді бағалап, қолдап келе жатқан қазақ халқының алдында ерекше сезіммен бас иемін»,- деп жазды Ержан Максим.

 

Ержан Максим 2007 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ол төрт жасында ән айта бастады. 6 жасында вокал сабағына қатыса бастады. Ержан көптеген байқаулардың жеңімпазы.

 

2016 жылы Ержан Максим Батумиде өткен "Dolphin Fest" фестивалінде бас жүлдені жеңді.

 

2016 жылдың желтоқсан айында ол Латвияда өткен осындай жарысқа бірнеше номинациялар бойынша қатысып, екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

 

2017 жылы Витебск қаласында өткен "Славян базары" халықаралық байқауында екінші орынды иеленді.

 

2017 жылдың 3 мамырында ол Италияда өткен "San Remo junior" фестивалінде өнер көрсетіп, симфониялық оркестрмен жанды дауыста ән шырқады. Италияда Ержан финалист атанды.

 

2019 жылы ол "Junior Eurovision" халықаралық ән байқауының финалисті атанды.

 

2019 жылы "Бала дауысы" байқауының 6-шы маусымында жеңімпаз болды. 

 

2023 жылы Ержан Максим Македонияның астанасы Скопьеде өткен әлемдік "WAF Contest"  байқауының Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Дариға Нысанқұл