Назым Қызайбай ширек финалға шықты

Патриот жаршысы
97

ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық тәжірбиелі боксшы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейданы айқын басымдықпен тізе бүктірді. Төрешілер есебі: 5-0. Енді 3-тамыз күні ширек финалда отандасымыз колумбиялық боксшымен кездеседі. 

Бұған дейін Назым Қызайбай әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы атанды. 

"Бәрі ойдағыдай өтті. Бұдан да жақсы өнер көрсету керек деп ойлаймын. Әр жекпе-жекте қолымнан келгенін аянып қалмаймын. Жеңіс үшін бәрін беремін",- дейді спортшы.

Редакция
Patriot Portaly