Қыздарымыз қола жүлдегер атанды!

Патриот жаршысы
39

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Таэквондодан Қазақстан қыздар құрамасы XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада ел мерейін үстем етті. Айша Әділбекқызы, Нұрай Хусаинова және Мария Севостьянова командалық сында қола медаль жеңіп алды.

Жартылай финалда отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасына жол беріп, ақтық сынға өте алмады. Алайда жарыстың жоғары деңгейінде өнер көрсетіп, үздік үштікке ену - үлкен жетістік.

Бұл табыс - тек спортшыларымыздың емес, бүкіл елдің жеңісі.

Құттықтаймыз!

Малика Рүстем
тілші