Мәдениет майталмандары - спорт алаңында
Патриот жаршысы
41

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі саласының қызметкерлері арасында кең көлемді спартакиада өтті.
Шараның басты мақсаты – ұжымдық ынтымақты арттырып, салауатты өмір салтын дәріптеу және бұқаралық спортты дамыту.
Жарыс бағдарламасы волейбол, футбол, үстел теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ пен шахмат сияқты бірнеше спорт түрлерін қамтыды. Додаға министрлік қызметкерлері арасындағы іріктеуден өткен жеңімпаздар және еліміздің 17 өңірінен келген 300-ден астам сала мамандары қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалық және жекелей есепте анықталып, арнайы дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.