Жамбыл жастары - тазалықтың жаршысы

Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жүріп жатыр. Шараға облыс тұрғындары, мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлер мен түрлі сала өкілдері белсене қатысуда.
2025 жылғы 8 шілдеде Тараз қаласының Астана шағынауданында жастар «Таза аула» атты экологиялық акция ұйымдастырып, тұрғындармен бірге аулаларды тазалады. Мұндай шаралар облыстың барлық аудандарында өтті. Мәселен, Жуалы ауданында - Б.Момышұлы ауылында, Талас ауданында - Қаратау қаласының саябағында, Сарысуда - Жаңатастағы жастар аллеясында, ал Мойынқұмда - «Жаз Ата» саябағында сенбіліктер ұйымдастырылды.
Облыс тұрғындары тазалыққа қатысты өтініштерін арнайы телеграм-бот арқылы жолдай алады. Жыл басынан бері 259 өтініш түсіп, оның ішінде қоқыс тазалау, жолдарды жөндеу сынды мәселелер көтерілген.
Жалпы акция аясында 106 мың адам, 60 ірі және 400-ден аса шағын кәсіпорын қатысып, 6,1 мың тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 30 тарихи-мәдени ескерткіш, 79 мыңнан астам аула, 800 шақырымға жуық арықтар мен каналдар, мыңдаған шаршы метр саябақтар мен скверлер тазартылды.
Жамбыл жастары мен тұрғындарының табиғатқа жанашырлық танытуы - экологиялық мәдениеттің артуына жол ашары сөзсіз.