Жасөспірімдер құрамасы алтын алды

Фото: olympic.kz
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шпагамен семсерлесуден Бахрейннің Манама қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды,-деп хабарлайды Patriot portaly Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Командалық жарыста Қазақстан намысын Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов қорғады. Ширек финалда біздің семсерлесушілер Сауд Арабиясынан 45:36 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата жеңді.
Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасы Франциямен кездесті. Семсерлесу барысында ұлттық құрама есе жіберіп жатса да, керемет камбэк жасап, 44:43 есебімен жеңіске жетті.
Қыздар құрамасы төртінші орынға ие болды. Ұлттық құрама сапында Каролина Фомина, Кристина Красикова, Наталья Зинякова және Арина Яковлева өнер көрсетті.