Астанада байланыс саласы мамандары арасындағы алғашқы республикалық кәсіби шеберлік байқауы басталды
Патриот жаршысы
63

Фото: el.kz
15 мамыр күні Астанада Қазақстан тарихындағы байланыс саласы мамандары арасындағы алғашқы республикалық кәсіби шеберлік байқауы басталды. Іс-шара Байланыс қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып отыр. Байқаудың негізгі мақсаты – техникалық мамандықтардың беделін арттыру және байланыс саласын жастар арасында танымал ету. Байқауға еліміздің жетекші 9 телекоммуникациялық компаниясынан келген мамандар қатысуда.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
- Практикалық бөлім – талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) дәнекерлеу тапсырмаларын орындау,
- Теориялық бөлім – заманауи байланыс технологиялары мен стандарттары бойынша білімдерін тексеретін тест.
Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша финалистер мен жеңімпаздар анықталады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 16 мамырда кәсіби мерекеге арналған ресми іс-шара аясында өтеді. Озық шыққан инженерлер мен байланыс мамандарын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрі жеке құттықтайды.