«Кемел жігіт-күйеу бала»

Патриот жаршысы
157

Дін істері жөніндегі басқарма

Бүгін «Бәйтерек» монументінің алаңында «Кемел жігіт-күйеу бала» Ұлттық зияткерлік курсының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасы мен Діндерді зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырды,-деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

 Кемел жігіт — күйеу бала» зияткерлік курсына қатысып жатқан жастарға егеменді еліміздің жастардың рухани, ғылыми, мәдени дамуына мемлекет тарапынан көп қолдау білдіріп жатыр. Жастарды отансүйгіштік пен ауызбіршілікке, ел тарихы мен мәдениетін ұмытпауға, үлкендерді құрметтеп, кішілерге ізет білдіруге үндеймін, — деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы — Каналимов Ерлан Ермекұлы.

 Келесі сөз кезегін алған «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы — Асанов Нұрлан Байжігітұлы: 

Зияткерлік курстың атауының өзі маңызды. Әрбір жас — болашақ әке мен болашақ ана.  Халқымыздың сан түрлі салт дәстүрлерінің құндылықтарын ұмытпау керек. Имандылықты бойымызға сіңіруден бөлек, тәнімізді шынықтыру арқылы кемелдікке қол жеткізуге болады. Бүгінгі сапарға шыққалы отырғандарға ақ жол тілеймін,— деді.

 

 «Кемел жігіт-күйеу бала» Ұлттық зияткерлік курсы «Бурабай» ұлттық паркінің аумағындағы «Жеті қазына» этно ауылында екі күн бойы өтеді. Бұл курстың мақсаты — жастар арасындағы ұлттық құндылықтар мен тарихи сананы жаңғырту, қазақ болмысы мен дәстүрлерін дәріптеу.

 Іс-шараға 60 бала қатысты. Курс барысында теориялық және практикалық сабақтар өткізіледі. Теориялық сабақтар «Қазақ тарихы мен дәстүрлері», «мақал-мәтелдердегі ұлттық тәрбие», «жігітің үш жұрты» бағыттарын қамтиды. Практикалық сабақтар барсында жасөспірімдерге мал сою, оны жіліктеу, тұздау, үйіту әдістемесі, ет турау, табақ тарту, жылқы жануарының қасиеттері, ат әбзелдерімен танысу, атқа міну және садақ ату секілді дәстүрлі дағдыларды қалыптастыруды көздейді.

 

 

Дариға Нысанқұл