Астанада дрон-шоу өтті
Патриот жаршысы
114

Астана қаласының әкімдігі
Астана аспанында бұрын-соңды болмаған ерекше көрініс орын алды. Қазақстан полициясы күніне орай ұйымдастырылған дрон-шоу қала тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер сыйлады.
20 минутқа созылған шоу барысында 550 дрон заң, тәртіп және қауіпсіздік тақырыптарына арналған түрлі-түсті жарық композицияларын бейнеледі. Мыңдаған көрермен жиналып, аспанда қозғалып тұрған ерекше жарық шоуларын тамашалады.
Бұл шара – Астанада іске асырылып жатқан «Заң және Тәртіп» бағдарламасы аясындағы іс-шаралардың бірі. Бағдарламаның басты мақсаты – тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңға бағынудың маңызын насихаттау.