Ерлік пен адалдықтың иелері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
23 маусым — Қазақстан полициясы күні. Бұл күн ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолында жан аямай еңбек етіп жүрген құқық қорғау саласы қызметкерлеріне деген шынайы алғыс пен құрметтің белгісі.
Полиция – бұл тек мамандық емес. Бұл — батылдық, жауапкершілік және қажет болса, өз өмірін өзгелер үшін құрбан етуге дайын болу деген сөз. Тәуелсіздік жылдары ішінде 800-ден астам тәртіп сақшысы қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тауып, шамамен 5 мың қызметкер жарақат алған. Бұл — олардың ерлігінің, антына адалдығының дәлелі.
Бүгінгі полицей — кешегі қазақ батырларының жолын жалғаушы. Бейбіт күннің батырлары елдің қауіпсіздігін күзетіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуде. Қару мен сауыт өзгергенімен, басты міндет — әділеттілік пен тыныштықты қорғау бұрынғыдай.
Қоғамның қорғаны — полиция. Олар халықтың сенімін ақтауға, әрбір азаматтың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етеді. Сондықтан бұл мереке — заманауи батырларға бас иіп, ел алдында атқарған еңбектеріне алғыс айту күні.