Балуандар Будапештке беттеді

Патриот жаршысы
75

Фото: ҰОК

13–20 маусым аралығында Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Жылдың ең маңызды додасына 92 елден 566 балуан қатысады. Олар 14 салмақ дәрежесінде бақ сынамақ.

Қазақстан ұлттық құрамасы да бұл додаға тас-түйін дайын. Міне, ел намысын қорғайтын балуандар тізімі:

Ерлер құрамасы:

  • 60 келі: Мағжан Шамшадин, Шерзoд Давлатов
  • 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев
  • 73 келі: Есет Қуанов
  • 81 келі: Абылайхан Жұбаназар
  • 90 келі: Мейірлан Максим
  • 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
  • +100 келі: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер құрамасы:

  • 48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
  • 63 келі: Эсмигүл Куюлова

Чемпионат аясында жеке белдесулермен қатар, командалық жарыс та ұйымдастырылады. Бұл — спортшылардың шеберлігімен қатар, елдік рухтың сыналар сәті болмақ.

Қазақстан дзюдошыларына сәттілік тілейміз!

Малика Рүстем
тілші