Әйелдер күресінен алтын алдық
Патриот жаршысы
27

Фото: QazSporttv
Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрестен өткен Иван Ярыгин турнирінде отандастарымыз 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальға ие болды.
Әйелдер күресінен 76 келіде бақ сынаған Эльмира Сыздықова алтын жүлдеге қол жеткізді. Айта кетейік, ол Францияда өткен Анри Деглан Гран Гри жарысында алтын медальға ие болған еді.
Сонымен қатар 62 келіде күрескен қазақстандық Виктория Хусайнова күміс, ал Дубек Тыныс қола медаль олжалады.