Семсерлесуден ерлер құрамасы әлем чемпионатында қола медаль алды

Патриот жаршысы
44

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден Тбилисиде өткен әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған тарихи жетістікке қол жеткізді. Ұлттық құрама алғаш рет жарыстың жартылай финалына өтіп, қазіргі әлем чемпионы саналатын Италияны сенсациялық түрде жеңіп шықты.

Командалық сында ел намысын қорғаған Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжанов финалға жолдама үшін Токио Олимпиадасының жеңімпазы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапониямен кездесіп, тартысты бәсекеде аз ғана айырмашылықпен қарсыластарына есе жіберіп алды.

Алайда, қола жүлде үшін өткен шешуші айқаста жерлестеріміз әлемдік аренада 9 мәрте Олимпиада шыңын бағындырған Франция құрамасымен күш сынасып, тарихи жүлдеге ие болды.

Бұл - Қазақстан ерлер құрамасының семсерлесудегі әлем чемпионатындағы алғашқы қола медалі. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен отандық спортты дамыту және халықаралық тәжірибені енгізу мақсатында биылдан бастап ұлттық құрамалармен әлемдік деңгейдегі жаттықтырушылар мен кеңесшілер жұмыс істей бастады.

Туризм және спорт министрлігі спортшылардың кәсіби шеберлігін арттырып, халықаралық додаларда жүлде санын көбейтуге бағытталған жүйелі реформаларды одан әрі жалғастыруда.

Малика Рүстем
тілші