Әлемдік жүзу жарысы алғаш рет Астанада өтеді

Патриот жаршысы
20

Olympic.kz

Қазақстанда алғаш рет жүзуден әлем кубогының кезеңі ұйымдастырылады. Бұл жайлы Сингапурде өткен World Aquatics конгресінде белгілі болды.

Silk Road–2026 турнирінің кезеңдері өтетін қалалар анықталып, алғашқысы Бакуде (Әзербайжан) басталатыны, екінші кезең Ташкентте (Өзбекстан) жалғасатыны хабарланды. Ал үшінші және соңғы кезеңді Қазақстанның елордасы - Астана қаласы қабылдайды.

Айта кетейік, Қазақстан мұндай ауқымды халықаралық жүзу жарысын алғаш рет өткелі отыр. Бұл - ел спорты тарихындағы маңызды оқиға.

Жарысқа Олимпиада және әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ әлем рекордшылары қатысады деп күтілуде.

Әлем кубогының нақты даталары кейінірек жарияланады.

Малика Рүстем
тілші