Мемлекеттік қызметшілер күні

altainews.kz
Мемлекеттік басқару жүйесінің негізі саналатын мемлекеттік қызмет – қоғам дамуының тұрақтылығы мен елдің өркендеуіне тікелей ықпал ететін маңызды сала. Осы жауапты әрі күрделі саланың өкілдеріне деген құрметті айшықтау мақсатында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні ретінде белгіленген.
Бұл мереке алғаш рет 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен халықаралық деңгейде ресми түрде бекітілді. Ал Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күнін белгілеу туралы шешімді 2013 жылы ел Президенті арнайы Жарлықпен бекітті. Содан бері 2014 жылдан бастап бұл күн елімізде кәсіби мереке ретінде кеңінен атап өтіледі.
Мемлекеттік қызметшілер – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Олар елдің дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына күн сайын атсалысып келеді. Қоғам алдындағы бұл жауапкершілік зор, себебі әрбір шешім мен әрекет халық мүддесіне тікелей әсер етеді.