Жеңімпаздар елге оралды
Патриот жаршысы
17

ҚР Қорғаныс министрлігі
Астана қаласының халықаралық әуежайында 1–5 ақпан аралығында Дубайда өткен The UAE SWAT Challenge арнайы мақсаттағы бөлімшелердің басты сынағына қатысқан командаларды салтанатты түрде қарсы алды.
Дубай төрінде өткен SWAT Challenge әлемдік жарысында Қазақстанның 5 бірдей командасы алғашқы ондықтан көрінді. Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» жасағы сайыстың күміс жүлдегері атанды. Елге олжалы қайтқан сарбаздарды Астана әуежайында жақындары мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды.