Айым Серікбаева Әлем чемпионатынан алтын медаль жеңіп алды
ЖАС ПАТРИОТ
8
Фото: gov.kz
Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, – деп хабарлайды Patriotportaly.kz.
Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Серікбаева Мексика спортшысы Понсе Нуньес Ширлиді 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында жалпы үш медаль бар. Бұған дейін Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.