Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Патриот жаршысы
36

Фото:Aqorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Жиынға Қазақстан Президентімен бірге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Кездесу барысында ТМД елдері басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағыттары мен алдағы қадамдарын талқылады. Сонымен қатар Ұйым аясындағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Бейресми форматтағы басқосу мемлекеттер арасындағы саяси диалогты дамытуға, ортақ ұстанымдарды айқындауға және көпжақты серіктестікті тереңдетуге бағытталды.

Лағыл Намаз
тілші