«Қайрат» тарихқа енді

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Алматының «Қайрат» футбол клубы алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда үшін бұл - тарихи жетістік.
Үшінші іріктеу кезеңінің жауап матчында алматылықтар словакиялық «Слованға» қонаққа барып, қиын ойында жеңіске жетті. Братиславада өткен кездесудің 30-минутында алаң иелері Роберт Мактың голымен алға шықты. Негізгі және қосымша уақыт 1:0 есебімен аяқталды, бірақ екі матчтың қорытындысы 1:1 болды.
Шешуші сәт пенальти сериясында келді. «Қайраттың» қақпашысы Александр Заруцкий қарсыластың бір соққысын қайтарып, командаға сенімділік сыйлады. Ал жеңіс голын Жоржиньо соғып, есепті 4:3 қылып, алматылықтардың плей-оффқа жолын ашты.
Енді «Қайрат» шотландиялық «Селтикпен» күш сынасады. Алғашқы матч 20 тамызда Глазгода, жауап ойыны 26 тамызда Алматыда өтеді.