Қарауылда «Абай елі» стелласы бой көтерді

Патриот жаршысы
12

Абай облысының әкімдігі

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Абай ауданының Қарауыл ауылы маңындағы Қарауылтөбеде «Абай елі» стелласы салтанатты түрде ашылды.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, ауданның ақсақалдары мен қонақтары қатысты. Мерейтой қарсаңында ескерткішке апарар баспалдақ салынып, айналасы абаттандырылды.

Стелла төрт тұғырдан тұрады:

  • Қауырсын қалам – «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» ұстанымының белгісі;

  • Қалқан – батырлар мен ерлердің айбыны;

  • Домбыра – Абайдың ән мен жыр өзегі;

  • Ақбесік – ұлыларды дүниеге әкелген киелі бесік.

Төрт тұғырдың ең биік нүктесінде – ғаламшар бейнесі мен оны айнала қалықтаған тұрақтылық пен тыныштықтың символы қарлығаш бейнеленген.

Аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен тұрғызылған ескерткіштің авторы – мүсінші Нұрбол Қалиев.

Аймақ басшысы Берік Уәли: «Абай елі – ақындар мен батырлар елі. Мерейтой аясында мән-мағынасы терең нысандар бой көтерді. Бұл – ел бірлігінің, Мемлекет басшысының қолдауының нәтижесі», – деді.

«Абай елі» стелласы енді ауданға келген қонақтарға Қарауылдың көркем келбетін биіктен тамашалауға мүмкіндік беретін ерекше орын болмақ.

Редакция
Patriot Portaly