Бейбіт Жукаев ATP 500 турниріне алғаш рет жолдама алды

Патриот жаршысы
136

ktf.kz

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 216-орында тұрған 24 жастағы Бейбіт Жукаев спорттық мансабындағы айтулы жетістікке қол жеткізді - ол АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтетін ATP 500 санатындағы турнирге алғаш рет жолдама алды.

Іріктеу финалында Бейбіт 30 жастағы италиялық қарсыласы, әлемнің 324-ракеткасы Андреа Вавассоримен кортта күш сынасты. Бірінші сетте қазақстандық спортшы 4:2 есебімен алға шыққанымен, италиялық ойыншы есепті теңестіріп үлгерді - 4:4. Алайда Бейбіт шешуші сәтте тағы бір брейк жасап, сетті 7:5 есебімен өз пайдасына шешті.

Екінші партия тай-брейкке ұласып, бұл жолы сәттілік италиялық ойыншыға серік болды - 7:6 (11:9). Ал шешуші үшінші сетте есеп 4:4 кезінде Бейбіт брейк жасап, матчты айқын эйспен аяқтады - 6:4.

Осылайша, Бейбіт Жукаев әлемдік деңгейдегі беделді жарысқа - ATP 500 турниріне қатысу құқығын жеңіп алды. Бұл оның кәсіби мансабындағы жаңа белес екені сөзсіз.

Малика Рүстем
тілші