Жеткіншекке жайлы жаз

Патриот жаршысы
95

Қостанай облысының әкімдігі

2025 жылы Қостанай облысында 105 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылмақ. Бұл — өңірдегі оқушылардың 98,6%-ін құрайды. Осы мақсатқа 264,4 миллион теңге бөлініп отыр.

Қала сыртындағы 12 лагерь (9 мемлекеттік, 3 жекеменшік) жазда 8 мыңнан астам баланы қабылдайды. Оның ішінде Бәкіров атындағы база, «Лесная сказка» және «Алтынгүл» лагерлері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған.

Жазғы лагерьлерде 4 мыңнан астам педагог қызмет етеді. Ал бірінші маусым 9-18 маусым аралығында ашылады.

«Қазақстан халқына» қорының ауыл балаларына арналған «QH Жаздық жолдама» жобасы жалғасын табуда. Биыл осы жоба аясында 246 бала «Балдәурен» және «Болашақ» лагерлерінде тегін тынығады.

Төртінші жыл қатарынан «Хачико» оңалту орталығында ерекше білім беру қажеттілігі бар 359 бала жазғы тынығудан өтеді. Мұнда балалар мен оларға ілескен адамдарға күніне бес мезгіл тамақ пен психологтардың қолдауы қарастырылған.

Әлеуметтік осал санаттағы 38 мыңға жуық баланың жазғы демалысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 167 млн теңге бөлінді.

2 маусымнан бастап өңірдегі барлық мектептерде 773 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істей бастады. Бұл арқылы 98 мыңға жуық бала (1–10 сынып оқушыларының 91%-і) демалыспен қамтылмақ.

Жазғы мезгілде балаларға арналған:

1. туристік-өлкетану,

2. экологиялық,

3. спорттық-сауықтыру және

4. экскурсиялық бағдарламалар

5. кең көлемде ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, «Психологиялық қолдаудың жазғы алаңдары» жобасы аясында 19,5 мыңға жуық бала қамтылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 17 млн теңгеге 850-ге жуық бала түрлі іс-шараларға тартылады.

Жаз — тек демалыс уақыты емес, сонымен қатар баланың жан-жақты дамуына, денсаулығын нығайтуға және өмірлік дағдыларды игеруіне мүмкіндік беретін маңызды кезең.

Малика Рүстем
тілші