Керлингтен Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанды жеңді

Патриот жаршысы
19

Фото: Сали Сабиров

Керлингтен Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында төртінші матчын өткізді. Қазақстан құрамасы сапында Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа және Арман Ержанов өнер көрсетті.

Бастапқы екі кезеңде екі команда бір ұпайдан еншіледі. Алайда, қазақстандықтар үшінші кезеңде жақсы өнер көрсетіп, 3 ұпай алды.

Қырғызстан құрамасы есепті теңестіруге тырысқанымен, отандастарымыз қатарынан екі кезеңде ұпай еншілеп, қорытынды есепті 6:3-ке жеткізді. Осылайша, ел құрамасы қазіргі уақытта екі рет жеңіліп, екі рет жеңіске жетті.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, керлингтен Қазақстан ерлер құрамасы қысқы Азия ойындарының алғашқы ойынында Қытайлық Тайбэйді 10:5 есебімен жеңді. Екінші матчта отандастарымыз 1:4 есебімен Филиппиннен жеңіліп қалды. Ал үшінші матында Азия құрлығының үздігі Оңтүстік Кореямен кездесіп, 2:12 есебімен жеңіліс тапты.

Аружан Тоқсан
Тілші