Қазақстан халқы 20 286 084 адамға жетті: қай өңірлерде өсім жоғары?

Патриот жаршысы
24

Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстан халқының саны 2025 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 20 286 084 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қала мен ауыл тұрғындары:

•Қала халқы – 12 774 743 адам

•Ауыл халқы – 7 511 341 адам

Халық өсімі:

2024 жылдың басынан бері халық саны 252 242 адамға артты. Оның ішінде:

•Табиғи өсім есебінен – 235 078 адам

•Көші-қон есебінен – 17 164 адам

Өсім қай өңірлерде жоғары?

Халық саны ең қарқынды өсіп жатқан қала – Астана, мұнда бір жылда 6,91%-ға артты. Одан кейін Алматы (+2,86%) және Шымкент (+2,80%) келеді.

Халқы көп облыстар:

Республикалық маңызы бар қалалардан бөлек, ең көп халық Түркістан облысында шоғырланған – 2 105 272 адам. Одан кейін Алматы облысы (1 551 153 адам), Жамбыл облысы (1 221 184 адам) және Қарағанды облысы (1 125 846 адам) тұр.

Аружан Тоқсан
Тілші