ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚЫТАЙ ЖАҢА ЖЫЛЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Патриот жаршысы
26

ФОТО: Dimash.news

Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жылды қарсы алу дәстүрлі түрде үлкен салтанатпен өтеді. Биылғы “Көктем фестивалі” мерекелік шоуына қазақстандық әнші Димаш Құдайберген арнайы шақыртумен қатысты. 28 қаңтарда көрсетілген бұл шара аспан асты елінің телеарналарынан тікелей эфирде ұсынылды.

Димаш Қытайдың танымал өнер жұлдыздары – Цзян Циньцинь, Тянь Лянь, Ю Чанцзинь, Гуан Сяотун, Чжоу Е, Керли Гао және “Teens In Times” тобымен бірге Чунцин қаласындағы көрікті алаңдардың бірінде өнер көрсетті. Әнші өз сөзінде бұл сахнаға шығуының басты себебі – өз елінің және өзінің қытайлық жанкүйерлеріне деген ерекше құрметін білдіру екенін атап өтті.

Қытай Жаңа жылы – төрт мың жылдан астам тарихы бар мереке. Ол ай күнтізбесі бойынша есептеліп, әр жылдың басталуы қысқы күн тоқырауынан кейінгі алғашқы жаңа аймен белгіленеді. Сондықтан ол көктемнің басталуымен тұспа-тұс келіп, Қытайда “Чуньцзе” (Көктем мерекесі) деп аталады.

2025 жылы Қытай Жаңа жылы 29 қаңтарда басталып, 12 ақпанда шамдар фестивалімен аяқталады. Бұл елдегі ең басты мереке болғандықтан, алғашқы жеті күн (29 қаңтар – 4 ақпан) Қытайда ресми демалыс болып жарияланған.

Аружан Тоқсан
Тілші