"Батырлар жорығы"

Фото Астана қаласының әкімдігі
Астанада 26 мамыр күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс батырларын еске алуға арналған ABYROI RUN-2024 дәстүрлі жарысы өтеді. Бұл туралы ақпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына жарияланды.
Жарыс 5 және 10 шақырым қашықтықта өткізіледі.
Старт 26 мамыр күні таңғы сағат 7:30-да елордалық Триатлон саябағында болмақ.
Биылғы жарыс КСРО Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің және Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен алғашқы кеңес жауынгерлерінің бірі, Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған.
Қатысушыларға футболка мен финишер медалі кіретін Стартер жиынтығы беріледі.
Қатысқысы келетіндер https://globalsport.kz/abyroirun сілтемесі бойынша тіркеуден өтуі керек.
Сондай-ақ кез келген адам Жеңіс батырларына құрмет көрсете алады және 2 шақырым қашықтықта «Құрмет шеңберіне» жүгіре алады.
Басталуы: сағат 10:00.
Сондай-ақ ұйымдастырушылар қонақтар назарына ұлттық спорт ойындарын, мерекелік концерт, байқаулар мен балалар аниматорларының қойылымын ұсынбақ.
Фестивальді Астана әкімдігінің, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Ұлттық Ұланының, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып жатыр.