"Абай" ұлттық мектебі ашылады
Патриот жаршысы
37

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды.
Жаңа білім ошағы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделеді. Қазақ балаларын зейінді де зерек, ұшқыр ойлы болуға тәрбиелеп, білім көкжиегін Абай әлемі арқылы байытуға күш салмақ.
Оқу процесі қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқуға бағытталған. Ол үшін Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернатының әлеуеті толықтай қолданылады.
Мектеп құрылысы былтыр қараша айында басталған еді. Жаңа ғимарат нысаны 900 оқушыға арналған. Оның инфрақұрылымында мектеп-пансион, мұғалімдер үйі, кітапхана, спорт кешені, жылыжай аумақтары және тағы басқа құрылыс нысандары қарастырылған. Мектеп 2026 жылы қолданысқа беріледі.