Ойдан – өнертабыс

Патриот жаршысы
63

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің дарынды оқушыларымен кездесті. Болашақ ғалымдар, инженерлер мен жаңашыл жастар өз жобаларын таныстырған көрмені аймақ басшысы арнайы барып тамашалады.

Көрмеде жас өнертапқыштар ғылыми-техникалық бағыттағы тың идеялар мен әзірлемелерін таныстырды. Олар өз стендтерінде экология, робототехника, энергия үнемдеу, тұрмысты жеңілдетуге бағытталған құрылғылар және тағы басқа қызықты жобаларды ұсынды.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде ғылым мен технологияға деген қызығушылықты ерте жастан дамыту маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай дарынды өрендер — тек өңірдің ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы екенін ерекше айтты.

Бұл кездесу балалардың ынтасын арттырып, болашақтағы үлкен жетістіктерге жол ашатын шабытты күнге айналды.

Малика Рүстем
тілші