Қоқыс қалдығынан қолөнер

Патриот жаршысы
132

Талантты оқушылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоқысты өнер туындысына айналдырды.

Тараздық оқушылар қоқыс қалдықтарынан жасалған қолөнер бұйымымен көпшілікті тәнтті етті. Шығармашылықты дамыту орталығының арнайы көрмесінде әр түрлі материалдардан жасалған туындылар таныстырылды. Оның ішінде қуыршақтар, картиналар мен кәдесыйларды қоса алғанда, 200-ге жуық жұмыс бар. Бұл бұйымдар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясының бір бөлігі. Оқушылар өз жобалары үшін үйлердің алдында шашылған әрі іске жарамды деген қалдықтарды пайдаланды.

Көрмеге қатысушылардың бірі Томирис Шапаева өз идеясымен бөлісті: «Менің бастапқы ойым қажетсіз нәрселерден қажетті дүние құру болды. Бұл картина пенопласт және мата қалдықтары сияқты тұрмыстық заттардан жасалған».

Жамбыл ауданы Ерназар ауылының тұрғындары да экологиялық акцияға белсенді қатысты. «Ең таза аула» байқауы аясында олар шашылған қоқыстарды жинап, ауыл көшелерін тазалады. Соныиен қатар «Мамыр» қалалық саябағында аумақты абаттандыруға 200-ден астам адам қатысты.

«Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері өңір бойынша 1700-ден астам сенбілік өтті, оған 220 мыңнан астам күш жұмылдырды.

Біржан Қабдрашев
Тілші