Satbayev University тасқынынан зардап шеккендерге көмектесті
ЖАС ПАТРИОТ
101

Су тасқынынан зардап шеккендерге Satbayev University ғалымдары мен студенттері көмек қолын созуда, деп хабарлайды «PATRIOT PORTALY».
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсету үшін Сатбаев Университеті студенттерінің бастамасымен гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды.
Университет ғалымдары мен қызметкерлері бір күндік еңбек жалақысын BIZBIRGEMIZ қорына аударып, өз тараптарына қолдау көрсетті. Университет атынан зардап шеккен отбасылардан шыққан 19 студентке 241 000 теңге көлемінде материалдық көмек берілген.
Университет зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету жөніндегі игі бастамаға қосылуға барлық қазақстандықтарды шақырады.