Мажарстандағы қазақ жастары

38

 Будапештте 18-маусым күні «Stipendium Hungaricum Farewell Event 2024» шарасы өтті. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов та қатысты.

 Мажар үкіметінің «Stipendium Hungaricum» жоғары білім беру бағдарламасы аясында Мажарстан жоғары білім беру орындарында 500-ге жуық Қазақстандық студенттер білім алып жатыр.  Жыл сайын білім бағдарламасы аясында  қазақ жастарына 250 шәкіртақы  бөлінеді.

 Айта кету керек, «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның келіссөздері нәтижесінде тағы да үш жылға - 2027 жылға дейін ұзартылды.

 Биылғы 2023-2024 академиялық оқу жылында Мажарстан жоғары оқу орындарын 164 қазақ студенті бітіріп шығады. Олар  Будапешт, Дебрецен, Сегед және Печь қалаларының университеттерінде инженер, логистика, IT, көліктік тасымал және т.б. елімізге қажетті мамандықтар бойынша білім алып жатыр.

 Шара соңында қазақстандық елші Жәнібек  Әбдрашов болашаққа нық қадам басқан қазақ жастарымен жүздесіп,білім жолына даңғыл жол  тіледі.

 

Дариға Нысанқұл